Жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Абай облысында 12 желтоқсан күні қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар тасжолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
10:30-дан бастап келесі бағытта қозғалыс шектелді:
Қытай шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы, 915-1002 шақырымдар аралығы (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін).