«Қолтаңба»: президент реформаларының ел өміріндегі маңызы «Астана» телеарнасында талқыланады

Автор: Асыл Арман

Бағдарлама аптаның әр жұма күні көрермен назарына ұсынылады

Фото: YouTube/Astana TV

«Астана» телеканалында өтіп жатқан «Қолтаңба» бағдарламасы көрерменнің көзайымына айналды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қолтаңба» бағдарламасы – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларының жүзеге асырылу барысын баяндауға бағытталған жоба.

Бағдарлама барысында президент қабылдаған шешімдер, олардың қоғамдағы маңызы, қол қойған құжаттар қарапайым қазақстандықтардың өміріне қаншалықты әсер етіп жатқаны талқыланады. Міне, осының бәрі көрерменіне жеңіл, көркем тілмен жеткізіледі.

Осыған байланысты түсірілім тобы өңірлерге арнайы сапарлап, жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалармен жақынырақ танысып, аймақтың дамуына қалай әсер етіп жатқанын көреді.

Жобаның әр шығарылымы YouTube желісінде мыңдаған қаралым жинайды.

Бағдарламаны журналист Дастан Сейілханұлы мен Өмір Әнуарбек жүргізеді. Ол әр жұма күні сағат 14:25-те көрермен назарына ұсынылады.

«Қолтаңба» бағдарламасының бүгінге дейінгі шығарылымдарын мына сілтемеден көре аласыз.