Тоқаев су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялады

Автор: Асыл Арман

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысы «1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.