Тоқаев ертең Ашхабад қаласына барады

Автор: Асыл Арман

Түрікменстанда халықаралық форумға қатысады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Ашхабад қаласына барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, президент Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысады.