$ 514.74  599.36  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Германияда көз жұмған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі іздеуге берілді

Іздеу шараларына Ішкі істер министрлігі бастамашылық етті

Германияда көз жұмған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі іздеуге берілді
Фото: instagram.com/justice_for_aigul

Ішкі істер министрлігі Германияда бір жылдан аса уақыт бұрын мәйіті табылған қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты іс бойынша оның күйеуі мен енесін іздеуге жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іздеу туралы бағдар ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика комитетінің интернет-порталында жарияланды. Іздеуге берілгенде – марқұм экс-судьяның күйеуі Александр Донцов пен оның анасы Наталья Донцова.

Іздеу шараларының бастамашысы – ҚР Ішкі істер министрлігі. Тергеуді Жетісу облысы, Талдықорған қаласының полиция қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Айгүл Сайлыбаева соңғы бес жыл бойы күйеуімен және баласымен бірге Германияда өмір сүрген. Ол 3 маусым күні байланысқа шықпай қалған. Оның із-түзсіз кеткеніне алаңдаған туыстары Айгүлдің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болуы мүмкін екенін айтып, Франкфурт-на-Майндегі Қазақстанның Бас консулдығына жүгінген.

Арада көп ұзамай, жергелікті БАҚ бұрынғы судьяның мәйіті табылғанын хабарлады. Оның денесі Бенсхайм қаласының шетінде орналасқан карьерден қаптың ішінен табылған. Марқұмның қолында, мойнында және бетінде пышақ жарақаттары болған. Осыдан кейін Сайлыбаеваның 49 жастағы енесі Наталья Донцова да хабар-ошарсыз кеткен.

Серіктес жаңалықтары