Астанада ауа райына байланысты 0-9 сынып оқушылары онлайн оқитын болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

Астана мектептерінде ауа райына байланысты 0-9 сынып оқушылары онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2025  жылғы 10 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші  ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасы хабарламасында.