$ 508.3  592.17  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Интимдік суреттерін таратып жіберген»: ер адам экс-әйелін айыптап, ірі көлемде ақша талап етті

Мәскеуде ер адам бұрынғы жұбайын оның интимдік фотоларын таратты деп айыптады

«Интимдік суреттерін таратып жіберген»: ер адам экс-әйелін айыптап, ірі көлемде ақша талап етті
Фото: istockphoto.com

Мәскеу 31 жастағы тұрғыны Дмитрий Зайцев бұрынғы жұбайы оны сталкингке ұшыратып, кек алу мақсатында интимдік фотоларын таратқанын мәлімдеді. Ер адамның айтуынша, оның жеке суреттерін 200-ден астам адам көрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Baza мәліметінше, Дмитрий – Redliber баспасының бұрынғы креативті директоры. Ол 30 жастағы Августина Г.-мен 2020 жылы ажырасып кеткен. Бір жылдан кейін Августина ер азаматқа хат жазып, қарым-қатынастарын қалпына келтіруді сұраған, алайда бұл әрекеті сәтсіз болған.

Осыдан кейін ол Дмитрий келісім бермесе, оның интимдік фотоларын жариялайтынын айтып, қорқыта бастаған. Дмитрий бұл сөзге сенбегенін айтады. Алайда көп ұзамай, оның айтуынша, бұрынғы әйелі суреттерді таныстарына, туыстарына және әріптестеріне жіберген.

Ер адамның сөзінше, Августина мұнымен тоқтамаған. Ол Дмитрийдің достарына, полицияға шағым жазып, оның отбасына қауіп төндірген, әлеуметтік желілерде соңына түсіп, қорлайтын видеолар жариялаған. Осыдан кейін Дмитрий бұрынғы жұбайына ар-намысын қорғау туралы 10 млн рубль көлемінде талап жіберген. Алайда полиция қылмыс құрамын таппағандықтан, істі қозғаудан бас тартқан.

Августина «База» басылымына берген түсініктемесінде Дмитрийдің некеде өзін бірнеше рет ұрғанын айтты. Оның сөзінше, ол бұл жайлы тек ажырасқаннан кейін ашық айтуға шешім қабылдаған. Ал интимдік фотолардың таралуы мен қорқыту әрекеттеріне қатысты түсінік бермеді.

Серіктес жаңалықтары