$ 504.49  587.73  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Таразыда тәртіп»: аптаның айшықты оқиғалары «Астана» телеарнасында сараланады (ВИДЕО)

«Таразыда тәртіп» бағдарламасы әр аптаның жұма күні беріледі

«Таразыда тәртіп»: аптаның айшықты оқиғалары «Астана» телеарнасында сараланады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

«Астана» телеарнасындағы «Таразыда тәртіп» бағдарламасы апта бойы елдегі өзекті оқиғаларды саралап, заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бастамаларды түсіндіреді. Хабарда Президент қол қойған жаңа заңдар, қылмыс пен төтенше жағдай деректері, құқықтық өзгерістер кеңінен талқыланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Таразыда тәртіп» бағдарламасын әр аптаның жұма күні «Астана» теларнасынан көре аласыздар.

Хабардың мақсаты – Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел» бастамасын халыққа түсіндіру. Бұл жаңа қоғамдық келісімнің іргетасында тұрған маңызды постулат. Барлық азаматтың заң алдындағы теңдігінің конституциялық қағидаты сақталмаған жерде әділетті мемлекет құру мүмкін емес. Әрбір азамат құқығын қорғай білу керек. Ал тәртіп бұзғандар заң жүзінде жазалануы тиіс. Осы ретте, бағдарламада дәйікті деректермен көрерменге шынайы ақпарат беріледі.

Бағдарлама барысында Президент қол қойған заңдар жіті түсіндіріледі. Қоғамды дүр сілкіндірген қылмыстар халыққа бүкпесіз жеткізіледі. Жаза баспаудың жолдары айтылады. Заңгер, сарапшы, депутаттардың пікірі беріледі.

Әр шығарылымда апта бойы болған оқыс-оқиғалар, қылмыс, жол апаты, төтенше жағдай туралы айтылып, себебі анықталады. Осыған қатысты сюжеттер әзірленеді. Өзгеріс енген заңның баптары, тармақтары түсіндіріледі. Материалдар заңгер, сарапшы, куәгер, құқық қорғау органдарының мәліметтері негізінде дайындалады. 3Д графика қолданылады.

Бағдарлама барысында Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мәселелер қаралады. Мәселен, жуырда перзентханада шетінеп кеткен сәби мен анасының ауыр жағдайы, кесір тілігін жасау үшін дәрігердің жүкті әйелден 20 мың теңге сұрағаны бағдарламаның кезекті шығарылымында кеңінен сараланды.

Сондай-ақ, жол апаты, адам саудасы, жасөспірімдер арасындағы төбелес, шетелге сәби ұрлап кетпек болғандар, сот отырыстарынан ақпараттар көпшілік назарына ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары