Бұл тоналған музейдегі екінші оқиға болып отыр
Ескі құбырдағы ақау салдарынан ежелгі мысыр артефактілері бөлімінің кітапханасын су басып, шамамен 400 сирек кітапқа зақым келтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Музейдің бас директордың орынбасары Франсис Стейнбок оқиғаны растады. Оның айтуынша, зақымданған экспонаттардың арасында бірегей басылымдар жоқ.
Сонымен бірге, су жүйесіндегі ақауды жөндеу 2026 жылдың қыркүйегіне ғана жоспарланған, ал проблема бірнеше жылдан бері белгілі.
Бұл – соңғы айларда Луврдағы екінші ірі оқиға.
Айта кетейік, 19 қазан күні бес қарақшы Париждегі Луврға кіріп, тоғыз құнды әшекей бұйымын ұрлап кеткен. Француз музейі өкілдерінің мәліметінше, ұрлықтан келген жалпы шығын 88 млн еуроны құрайды.