«ҚазАвтоЖол» ресми мәлімет жарияланды
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты тасжол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, мына жол жабылды.
«7 желтоқсан сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1474-1806 шақырым аралығындағы учаскесінде (Әйтеке би ауылынан Қызылорда қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.
Жолды 8 желтоқсан күні сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.