Төсін кішірейтпек болған: пластикалық ота жасаған әйел аурухана төсегінде көз жұмды

Автор: Мөлдір Қазыбай

43 жастағы әйел қайғылы жағдайда көз жұмды

Фото: istockphoto.com

Мәскеуде пластикалық хирургия клиникасында әйел адам кеудесін кішірейтемін деп көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Baza Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, 43 жастағы Ольга Ф.-ға «МедЛаз» мекемесінде екі операция жасалған, екеуі де оның төсінің көлемін кішірейту және ішті түзету отасы жасалған. Бүгін таңғы тексеріс кезінде пациенттің жағдайы нашарлап, ол палатада аспирация белгілерімен көз жұмды.

Клиникада мұндай операциялардың құны – кеудені кішірейту үшін 350 мың рубль, ал абдоминопластика үшін 400 мың рубльге дейін.

Пресненскінің ауданаралық прокуратурасы бұл істі бақылауға алды. Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды.

Оқиға бойынша Ресейдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше тексеріс бастады.