$ 504.49  587.73  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

30 градус аяз болады: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктердің болжамы белгілі болды

30 градус аяз болады: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік және орталық өңірлер (Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау)

Бұл аймақтарда қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман жиі байқалады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кейбір аудандарда 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-10°, кей жерлерде -13° дейін төмендейді. Түнде -20…-28°, күндіз -15…-25°, солтүстігінде -30° дейін. Кей аймақтарда қар қалың түсіп, бұрқасын сіреседі.

Шығыс өңірлер (ШҚО, Абай)

Шығыста қар, бұрқасын, көктайғақ, түнде кей аудандарда қатты қар күтіледі. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде -8…-13°, күндіз -2…-6°.

Оңтүстік өңірлер (Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда)

Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қалың қар, көктайғақ және қатты жауын-шашын күтіледі. Жел 9-14 м/с, таулы аудандарда 15-20 м/с. Температура түнде -2…+3°, таулы өңірлерде -6…-11°, күндіз 0…+8°.

Батыс өңірлер (БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе)

Бұл өңірлерде жауын-шашынсыз, бірақ тұман түседі. Жел 9-14 м/с, 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде -1…-5°, күндіз -2…+3°. Ақтөбе облысында қар мен бұрқасын байқалады, аяз болады, -13…-23° дейін күшейеді.

Серіктес жаңалықтары