Бұл қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
Жексенбі, 7 желтоқсанда, Қазақстанның үш ірі қаласында ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы күтіледі. «Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, бұл қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылдың 7 желтоқсанында ауа сапасының нашарлауы келесі қалаларда күтіледі:
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз – желсіздік, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқа мерзімді метеофакторлардың үйлесімі. Бұл жағдайлар атмосфераның жер беті қабатында зиянды заттардың (ластаушы заттардың) жиналып қалуына себеп болады.
Ауаның ластануы күшейген кезде қала тұрғындарынан сақтық шараларын қатаң сақтау талап етіледі:
1. Далаға жүруді қысқартыңыз: Ашық ауада, әсіресе автотрассаларға немесе басқа ластау көздеріне жақын жерлерде жүру уақытын барынша азайту қажет.
2. Дәрі-дәрмекті қадағалаңыз: Өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін міндетті түрде өздерімен бірге алып жүру керек.