Көлік қозғалысына шектеу қою туралы хабарлама жарияланды
Қазақстанның ауа райына байланысты бірқатар өңірінде тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ мәліметі бойынша 2025 жылғы 6 желтоқсан сағат 22:00-де ауа райының нашарлауына байланысты мына республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақтөбе облысы:
«РФ шек. (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)» автожолының 965-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ а.- Қызылорда облысы шек.).
Қызылорда облысы:
«РФ шек. (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)» автожолының 1240-1360 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе обл. шек.-Арал қ.).