Прокурорлар алаяқтардың жұмыс тактикасы өзгеріп жатқанын айтты
Қазақстанның Бас прокуратурасы алаяқтардың жұмыс тактикасын өзгертіп жатқаны туралы маңызды мәлімдеме жасады. Жауапты орган алаяқтардың жаңа интернет-схемасы туралы халықты ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы жаңа интернет-алаяқтық схемасы туралы хабарлайды.
Шетелдік дереккөздерге сүйенсек, алаяқтар шабуылдың жаңа толқынын бастаған:
Нәтижесінде, ештеңеден күдіктенбеген азаматтар кибер-алаяқтарға әлеуметтік инженерия құралдарын қолдануға мүмкіндік жасайды.
Осыған байланысты Бас прокуратура қазақстандықтарға киберқауіпсіздікті сақтау үшін келесі шараларды орындауды ұсынады:
1. Қырағы болыңыз: Белгісіз кіріс хабарламалар мен қоңырауларға сын көзбен қараңыз.
2. Тек ресми нөмірлерге қоңырау шалыңыз: Тек ұйымдардың сайттарында көрсетілген ресми нөмірлерге ғана қайта қоңырау шалыңыз.
3. Екі факторлы аутентификацияны қолданыңыз: Қауіпсіздікті арттыру үшін екі факторлы аутентификацияны міндетті түрде қолданыңыз.
4. Құпия деректерді жарияламаңыз: Банк карталарының деректерін, SMS-тегі бір реттік кодтарды және кез келген құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға ешқашан айтпаңыз.
«Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздікті сақтаңыздар», – деп қорытындылады ҚР Бас прокуратурасы.