Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер далада серуендеуді шектеуді ұсынды
6 желтоқсанда Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Осыған байланысты қала тұрғындарына далада серуендеуді шектеу ұсынылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қай қалаларда ауа ластанады?
2025 жылдың 6 желтоқсанында келесі қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайларкүтілуде:
- Алматы
- Орал
- Ақтөбе
- Атырау
- Жезқазған
- Балқаш
- Астана (түнде).
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның жер беті қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қауіпсіздік шаралары
Ауаның ластануы күшейген кезде қала тұрғындарына, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдарға далада жүру уақытын барынша шектеу; Автотрассаларға немесе басқа ластау көздеріне жақын жүруден аулақ болу ұсынылады.