Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты тасжол жабылды

Автор: Асыл Арман

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлама таратты

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қызылорда облысы ауа райының нашарлауына, яғни тұман мен көру мүмкiндiгiнiң шектелуiне байланысты «Ақтөбе-Қызылорда» республикалық маңызы бар тасжолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы «Өскемен-Алтай-Үлкен-Нарын-Катон-Қарағай-Рахманов кілті» а/ж учаскесінде ауа райының нашарлауына (көрінудің шектелуі, екпінді жел, қар, боран) байланысты автокөлiктiң барлық түрлерi үшiн қозғалыс жабылды.

«Жүргізушілерден ауа райы жақсарып, шектеу алынғанға дейін осы бағытта жол жүруден бас тартуды сұраймыз», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.