Ақтөбеде есірткі притондарымен күрес жалғасып жатыр: 12 нашақор мәжбүрлі емге жіберілді
139 адам ішкі істер органдарының «нашақор» есебіне қойылды
Ақтөбе қаласында полицейлер есірткі қылмысына қатысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция көпқабатты үйлердің қабырғаларына жазылған 44 нарко-граффитиді анықтап, есірткі затын жарнамалау дерегі бойынша 27 қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жүріп жатыр.
«Учаскелік инспекторлар үй аралау барысында маскүнемдер мен нашақорлар жиналатын притондар ұйымдастыруға үй-жайларын берген 2 пәтер иесін анықтап, оларға қылмыстық іс қозғалды. Притондарда жиналып, есірткі затын қолданған 12 нашақор мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жолданды, 139 адам ішкі істер органдарының «нашақор» есебіне қойылды», – делінген облыстық ПД хабарламасында.
«Учаске» ЖПІШ барысында пәтер ішінде немесе үй жайларда (қоғамдық орынға жатпайтын) есірткі затын қолданған 224 адам әкімшілік жазаға тартылды.
Естеріңізге салай кетейік, «Учаске» іс-шарасы Ақтөбе қаласының аумағында 1 қыркүйектен бері жалғасып жатыр.