Қайғылы оқиға 3 желтоқсан күні түскі уақытта болды
Алматыда 11-қабаттан құлап кеткен адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 3 желтоқсан күні түсте Алмалы ауданындағы «Арбат» тұрғын үй кешенінде болды. Оқиға орнынан видео әлеуметтік желіде жарияланды.
«Бұл іс бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс тіркеді. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары тергеу барысында анықталатын болады», – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке.