$ 504.49  587.73  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда аулада жүрген ер адамды аяусыз соққыға жығып кетті (ВИДЕО)

Оқиға күндізгі уақытта болды

Алматыда аулада жүрген ер адамды аяусыз соққыға жығып кетті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Алматыда аулада жүрген ер адамды аяусыз ұрып-соғып кетті. Оқиға «Кристалл» тұрғын үй кешенінде орын алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адамды тұрғын үй кешеніндегі пәтерді тәулігіне жалға алған адам ұрып кеткен.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрларда ер адам аулада жүрген, ал тағы бір адам оның соңынан еріп жүреді. Зардап шеккен адам артқа бұрылғанда, шабуыл жасаушы күтпеген жерден ұрып, оны құлатқан. Жерде жатқан адамды аяғымен теуіп, жұдырығымен аяусыз ұрған.

Куәгерлердің айтуынша, көрші бизнес-орталықтың қызметкерлері араласып, шабуылдаушыны тоқтатқан.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

«Оқиғаға қатысты барлық тұлға анықталады. Олардың әрекеттері мұқият зерттеліп, заңнамаға сәйкес құқықтық бағасын алады. Полиция қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауда. Жағдай бақылауда», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы