Аязды күндер келе жатыр: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Асыл Арман

Синоптиктердің болжамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады – жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады.

«Кезең соңына қарай Жаңа Жер аралдары ауданынан республиканың батысына арктикалық антициклон жылжып келеді, ол кейін республика аумағы арқылы өтіп, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуін әкеледі.

Осылайша, 8 желтоқсанда солтүстік-батыста 5-13 градус аяз, солтүстікте 10-15 градус аяз, әрі қарай температураның төмендеуі күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында.