$ 504.49  587.73  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мінгені Lexus LX 570»: Шымкентте банкрот болған кәсіпорын басшысы қызметкерлеріне жалақы төлемеген

Шымкент прокурорлары жалақы бойынша қарызды қайтартып берді

«Мінгені Lexus LX 570»: Шымкентте банкрот болған кәсіпорын басшысы қызметкерлеріне жалақы төлемеген
Фото: istockphoto.com

Шымкентте банкроттық рәсімі жүріп жатқан кәсіпорындарда 68 жұмыскер алдында 86,3 млн теңге жалақы қарызы бойынша кредиторлық берешекті өтеу рәсімінде бірқатар бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша меншігіндегі «LEXUS LX 570» автокөлікті екі жылдан астам уақыт бойы банкроттықты басқарушыға тапсырмаған банкроттық рәсімі жүріп жатқан заңды тұлғаның басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 176-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Ол 550 480 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге міндетті.

«8 автокөлікті сатуды созбалаңға салып, 22 жұмыскердің 26,1 млн теңге жалақы қарызы бойынша кредиторлар талаптарын орындамаған «Конти-Строй» ЖШС-нің банкроттықты басқарушысы ҚР ӘҚБтК-нің 179-бабының 23-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 82 572 теңге әкімшілік айыппұл төлейді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, анықталған заңдылықты бұзушылықтар жойылып, «ҰЛАН-СЕРВИС» ЖШС екі жұмысшыға 5,4 млн теңге жалақы қарызын өтеді және интернет-ресурста жарияланған кредиторлар талаптарының тізілімі үлгілік нұсқаға сәйкес келтірілді.

Серіктес жаңалықтары