Еліміздің алты қаласында ауа сапасы күрт нашарлайды

Автор: Асыл Арман

Синоптиктердің ескертуі жарияланды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, бүгін, 5 желтоқсанда, еліміздің алты қаласында атмосферада ластаушы заттар шоғырланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл зиянды қоспалардың жер бетіндегі ауа қабатында таралмай, жиналуына әсер ететін қолайсыз ауа райы факторларының үйлесуіне байланысты.

«2025 жылғы 5 желтоқсанда Орал, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жезқазған, Балқаш қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

ҚМУ деген не және олар несімен қауіпті?

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (НМУ) – бұл:

  • тымық ауа,
  • әлсіз жел,
  • тұман,
  • температуралық инверсия.

Олар ластаушы заттардың ауада таралуына кедергі келтіріп, шоғырлануына себеп болады. Соның салдарынан, әсіресе тығыз құрылысы бар немесе өнеркәсіптік аймақтарда, ауа сапасы уақытша нашарлайды.