$ 499.65  582.89  6.47
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

370 млн теңге мен Range Rover көлігін заңсыз тартып алған: Алматыда жеке сот орындаушысы сотталды

Ол өндіріп алушыларға тиесілі ақшаны өзі иеленіп алған

370 млн теңге мен Range Rover көлігін заңсыз тартып алған: Алматыда жеке сот орындаушысы сотталды
Фото: istockphoto.com

Алматыда жеке сот орындаушысы өндіріп алынған қаражатты иемденгені және аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Қала прокуратурасының жүргізген тексеруі барысында тәртіп бұзушылық фактілері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жеке сот орындаушысы өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, өндіріп алушыларға тиесілі 370 миллион теңгеден астам қаржыны иемденіп алғаны, сондай-ақ Range Rover автокөлігін заңсыз алып, 19 миллион теңгеден астам шығын келтіргені анықталды.

«Алмалы аудандық сотының үкімімен ЖСО қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан және сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ», – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары