Жаңа туған Ай Юпитер ғаламшарына жақындайды
Қазақстандықтар 31 қазан күні кешкісін айдың әдемі көрінісін көре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астрономия» сайтына сілтеме жасап.
31 қазан күні кешке жаңа туған Ай (фаза 0,15) Юпитер ғаламшарына (19 жұлдыздық шама) жақындайды. Күн батқаннан кейін, шамамен Мәскеу уақытымен сағат 18:00-де бір-біріне айтарлықтай жақындай түседі. Ол кезде Ай мен Юпитердің қашықтығы 8 бұрыштық минут болады.
«Бұл құбылысты Ресейдің барлық аумағында (солтүстік өңірлерден басқа), Украинада, Беларусь, Молдова, Балтық маңы, Кавказ және Орталық Азия елдерінде байқауға болады», деп жазған «Астрономия» сайты.