Қазақстанның бірқатар облысындағы тасжол көлік жүргізушілері үшін қауіпті

Автор: Асыл Арман

Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет хабарланды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның бірқатар облысындағы тасжолда көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, 5 желтоқсан күні Ақмола, СҚО, ШҚО, Ақтөбе, Қарағанды, Абай, Жетісу, Түркістан, Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады деп күтіліп отыр.

«Осы себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.