05.12.2025, 09:40
Жаңалықтар
Астанада екі автобус соқтығысып, біреуінің жүргізушісі қаза болды
Шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған
Фото: Астана ПД
Астанада екі автобус соқтығысып, біреуінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала деректерге сәйкес шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар автобусына соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетілуде.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды