«Қазгидромет» жұма, 5 желтоқсанға жасалған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады және қатты жел соғады деп болжап отыр, осыған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада мен Қызылордада көктайғақ болады.
Көкшетауда 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Жезқазғанда және Атырау облысында тұман түседі.
Жетісу облысында тұман түседі, 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қарағандыда, Қарағанды, Ұлытау облыстарында көктайғақ болады, тұман түседі.
Семей, Петропавл, Өскемен қалаларында, Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, тұман түседі, күшті жел соғады.