«Аяқтан шалды»: «Қойшы бала» екі жылға сотталып кете жаздады
Айдос Кәден өзін-өзі ақтап шыққанын мәлімдеді
«Қойшы бала» лақап атымен танылған әнші Айдос Кәден аяқтан шалғандардың кесірінен сотталып кете жаздағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айдос сұхбат барысында не жағдай болғанын ашып айтпады, тұспалдап қана жеткізді.
«Екі жылға сотталып кете жаздадым. Аяқтан шалды. Видеоның кесірі болды. Алайда өзімді өзім ақтап шықтым. Өзімнің ақ екенімді дәлейдей алдым. Адвокат жалдауға ақша керек болды. Білесіздер ғой. Ашып айтатын зат емес», - деп қысқа қайырды әнші.
Ол сондай-ақ бұрынғы продюсері Жігер Ауыпбаевтан кеткені дұрыс шешім болмағанын мойындады. Ол айналасындағы адамдардың сөзіне еріп кеткеніне өкініш білдірді.
«Қайтып бара алмаймын, ренжулі шығар. Бірақ бұл жек көргенім емес», - деп түйіндеді «Қойшы бала».