«Жайықжылуқуат» тұрғындарға 15 млн теңге қайтарады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол сома жылу есептегіші жоқ тұрғындарға кері қайтарылады

Фото: ашық дерек көздерінен

Орал қаласының тұтынушыларына жылу үшін 15 млн теңгеге жуық сома қайта есептеледі, деп хабарлайды Табиғи монополияларды реттеу комитеті.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жылу беруші «Жайықжылуқуат» АҚ-ы 2019-2020 жылдардағы жылу беру кезеңінде сыртқы ауаның нақты температурасын есепке ала отырып, жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеуді жүргізуге міндетті»,- делінген хабарламда.

 Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің есептеріне сәйкес, жылуды есептеу құралдары жоқ тұтынушыларға қайтару сомасы ҚҚС есебімен 14 940 000 теңгені немесе жылытылатын алаңның 1 м2 үшін 24,90 теңгені құрады.

Алдағы жылыту маусымында жылумен қамтамасыз ету қызметтері үшін төлемді тұтынушының тұрғын үй алаңына байланысты «қайта есептеу» түбіртегінде жеке жолмен жүзеге асырады.