Оқиға Атамекен ауылында болды
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында «Қауіпті жүргізуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ер адам есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Патрульдеу кезінде Атамекен ауылында Hyundai маркалы автокөлік тоқтатылған. Тексеру барысында полицейлер көліктің ішінен сыртқы келбеті марихуанаға ұқсас затты анықтаған.
«Аталған дерек бойынша материалдар тергеу органдарына жолданды», – делінген полицияның баспасөз хабарламасында.
Құқық қорғау органдары 2025 жылғы 1-7 желтоқсан аралығында өңір аумағында ірі жол қозғалысы ережелерін бұзуды және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретін фактілерді анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатқанын еске салды.