Алматыда жер сілкісіне байланысты метро жұмысын тоқтатты

Автор: Асыл Арман

Метроның қайта жүруі үшін ТЖМ-дан рұқсат қажет

Фото: Azattyq Rýhy

Алматы метрополитені қаладағы жер сілкінісіне байланысты вагондардың қозғалысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Метрополитеннің баспасөз қызметі мәлімдегендей, ТЖМ мамандары қауіпсіздік талаптарына сәйкес жерасты нысандарына толық тексеру жүргізіп жатыр.

«Тексеру аяқталып, ТЖМ-дан рұқсат алынғаннан кейін метро жұмысы қайта жанданады. Қауіпсіздік – бәрінен жоғары», – делінген хабарламада.

Осыған дейін Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының тұрғындары магнитудасы 6,7 жерасты дүмпулерін сезгені хабарланған еді.