Павлодар облысында 10 мыңға жуық адам полицейдің көз алдында ереже бұзған

Автор: Асыл Арман

Полиция департаменті мәлімдеме жасады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Павлодар облысында белдік тақпағаны үшін 9,5 мыңан астам тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қауіпсіздік белдігі – көліктегі адамның жарақат алу қаупін барынша азайтатын негізгі қауіпсіздік элементтерінің бірі. Оның маңыздылығы туралы бәрі білсе де, талаптар мен айыппұлдарға қарамастан, белдік тағу әлі күнге дейін жүргізушілер мен жолаушылар арасында толық дағдыға айналмаған. Статистика деректеріне сәйкес, қауіпсіздік белдігін қолдану жарақат алу қаупін 70% дейін төмендетеді.

«Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері қауіпсіздік белдігін тақпаған шамамен 9,5 мың жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Мысалы, Павлодар қаласының Лермонтов көшесінде патрульдеу барысында «Nissan» маркалы автокөлік тоқтатылды. Жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл алды», – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.