Жол-көлік оқиғасы 3 желтоқсанға қараған түні болды
Алматыда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан «103» көлігінің жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 3 желтоқсанға қараған түні, сағат 00:40-та Алатау ауданында болған. Алғашқы мәліметтерге сәйкес, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Сайын көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, бұрылыс жасау кезінде қарсы бағыттағы Kia автокөлігімен соқтығысқан.
Қатты соққының салдарынан екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.
«2002 жылы туған жедел жәрдемнің жолаушысы алған жарақаттарынан соң бірнеше сағаттан кейін ауруханада қайтыс болды. Полицияның тергеу басқармасы адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады, қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады полиция.