Бесағашта көшеде жүрген жас жігітті бір топ ер адам жабылып ұрып кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқыс оқиға 1 желтоқсанға қараған түні болды

Фото: Видеодан скрин

Алматы облысының Бесағаш ауылында көшеде кетіп бара жатқан жігітті бір топ ер адам жабылып ұрып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқыс оқиға 1 желтоқсанға қараған түні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам үйіне қайтып бара жатқан.

Көшеде өтіп бара жатып, топ жігіттің біреуі «иығымен түртіп кетті» деген желеумен оған ескерту жасаған. Осыдан кейін араларында дау шығып, арты төбелеске ұласқан.

Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға бойынша жәбірленуші полицияға арыз жазған. Агенттік тілшісі төбелеске қатысты Алматы облысының Полиция департаменті сауал жолдады.