Бұрқасын, көктайғақ, қар аралас жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Асыл Арман

Синоптиктердің болжамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының ойысы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

«Елдің солтүстігі, шығысы және орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Тек республиканың батысында 4-5 желтоқсанда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», – делінген «Қазгидромет» мәліметінде.

Температуралық фон бойынша айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.