Әлеуметтік желідегі жазбалардың бірінде әзілкештің екінші әйеліне қатысты пікірі жазылған
Атышулы актер Нұрсұлтан Жақсыген әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйеліне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желідегі жазбалардың бірінде әзілкештің екінші әйеліне қатысты пікірі жазылған.
«Бақытты болсын! Мөлдерден мың есе әдемі ғой», – деп жазды Нұрсұлтан Жақсыген.
Актердің бұл пікірі желі қолданушылары тарапынан ауыр сынға ұшырады.
«Тұрсынбектің артына сабынсыз кірді ғой», «Сүрініп жатып, жығылғанға күледі» деп мына бір шуйке бас,қанды ішті ғой», «О тоба! Сенен кім сұрады? Мөлдірге жеңеше деп жүргендердің бірі ғой кезінде», «Бір әйелді жетістірмеген екіншісін гүлдетеді деп ойламаймын», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелін қорлап жазған хаттары желіде жарияланған болатын.