Еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

«Қазгидромет» 3 желтоқсан, сәрсенбіге жасалған ауа райы болжамын ұсынды

Фото: istockphoto.com

Еліміздің бірқатар өңірінде синоптиктер тұман түсіп, көктайғақ болады және қатты жел соғады деп болжап отыр, осыған байланысты дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада тұман түседі.

Жамбыл облысында кей уақытта тұман түсіп, 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақтөбе мен Тараз қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Ұлытау және Маңғыстау облыстарында тұман түседі.

Орал, Қостанай, Қарағанды қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.