$ 508.2  589.82  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жүрегім ауырады»: Омар Жәлел бойдақ жүрудің орасан зор зияны туралы айтты

Нәпсінің жетегінде жүргенде ғұмыр өтіп бара жатыр, дейді абайтанушы

«Жүрегім ауырады»: Омар Жәлел бойдақ жүрудің орасан зор зияны туралы айтты
Фото: @omarjaleluly_official_page

Белгілі абайтанушы Омар Жәлел ұлтқа зиян келтіріп жүргендерге үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Мін айтудың да өз жөні бар. Мін таққан кезде кекетіп, мұқату – қате. Әр үйленбеген жігіт үшін жүрегім ауырады. Өйткені қазақ өспей жатыр. Бір тамағын ит те табады. Нәпсінің жетегінде жүргенде ғұмыр өтіп бара жатыр. Оның солай жүргені қазаққа зиян. Ұлан-ғасыр жеріміз бар, санымыз аз», - дейді ол.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Омар Жәлел күнде тойға баратын қазақтарды сынға алған болатын. Омар Жәлел апталап тойда жүруді өте қауіпті тенденция деп санайды. Айтуынша, көрші елдер кәсіппен айналысып, уақытын тойға жібермейді.

 «Бізде аптаның жеті күні той. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі... Бармайын десе, көпшілік туыстық қатынасты алға тартып, ұят деген сезіммен қинайды. Кәсіпкер адамдар тойға бармайды. Кәсіптің ең үлкені – ғылым. Кезінде Қаныш Сәтбаев ешқашан тойға бармаған», - деді Омар Жәлел.

Оқи отырыңыз:

Серіктес жаңалықтары