Ол маусым айының ортасында өзінен коронавирус анықталғанын айтқан еді
Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
«Медициналық хаттамаға сәйкес, Мәжіліс спикері коронавирусқа екінші қайтара тест тапсырды және ол теріс нәтиже көрсетті», - делінген аталған хабарламада.
Еске салайық, өткен айда Мәжіліс төрағасынан COVID-19 вирусы анықталып, ол оқшаулануға кеткенін мәлімдеген болатын. Алғашқы тестті Нығматулин 16 маусымда тапсырған және ол оң нәтиже көрсеткен.