Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр
Алматыда автобусқа мінген екі әйел адамның төбелесіп, бір-бірін аяусыз ұрған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға таңғы уақытта болған. Аталған факті бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
«Оқиғаның барлық нақты мән-жайы анықталып, жанжалға қатысқан әрбір тараптың әрекетіне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады», – делінген ПД хабарламасында.
Полиция азаматтарды кез келген келіспеушілікті тек құқықтық өрісте шешуге шақырады. Біз құқықтық қоғамда өмір сүреміз, сондықтан қоғамдық тәртіпті бұзу ешқандай жағдайда жол берілмейді.