Жұқтырудың ең көп оқиғасы Атырау облысында тіркелген
Өткен тәулікте Қазақстанда 1509 адамнан COVID-19 вирусы анықталды деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия. Осылайша, елімізде аталған вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 42 574-ке жетті.
Айта кетейік, соңғы бірер күннен бері ауру симптомы барлары мен жоқтары бірге есептеліп жатыр. Өткен тәулікте тіркелген бір жарым мың науқастың арасында:
- ауру белгілерімен – 528;
- ауру белгілері жоқ – 981 адам бар.
Өңірлер бойынша АЛматы мен Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр. Соңғы уақытта Атырау облысында да айтарлықтай өсім байқалады. Тек кешегі тәуліктің өзінде өңірде 287 адамнан вирус анықталған.