ІІМ желідегі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
ІІМ Қазақстан қалаларында 69 км/сағ жылдамдықпен жүру ережесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде «00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны» жөнінде ақпарат тараған. Алайда тәртіп сақшылары бұл хабарламаның фейк екенін мәлім етті. Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ.
«Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық – 60 км/сағат. Камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды.
Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол жүрісі қағидаларын сақтап, мұқият болыңыздар!» – делінген ІІМ хабарламасында.