$ 513.45  596.99  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында бухгалтер мұғалімдерді ортаға салып, 52 млн теңге жымқырған

Мемлекет бюджетін жымқыруға қатысты іс сотқа жолданды

Қызылорда облысында бухгалтер мұғалімдерді ортаға салып, 52 млн теңге жымқырған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қызылорда облысында білім беру ұйымдарының 2022-2024 жылдар аралығында бюджет қаражатының жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Орта білім беру ұйымының бас есепшісі бірнеше мұғалімнің есеп шотына артық жалақы аударып, аударылған артық қаражаттарды өзінің жеке есепшотына қайта аудару арқылы жымқырған.

Салдарынан мемлекеттік бюджетке 52 млнтеңге залал келтірілген.

«Аталған факті бойынша Байқоңыр қаласы прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Сот үкімімен мектептің бас есепшісі кінәлі деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес жаза өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.

Серіктес жаңалықтары