Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
«ҚазАвтоЖол» Қазақстанның бірқатар өңіріндегі тасжолда күн күрт бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, 2 желтоқсанда Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады.
«Осы себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.