Ринат Зайыттың анасы қайтыс болды

Автор: Алмас Ерсін

Қаралы хабарды депутат Мақсат Толықбай әлеуметтік желі арқылы жеткізді

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайыттың анасы қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаралы хабарды депутат Мақсат Толықбай әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

«Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сұрап жатқанадар үшін жаназа намазы да, жерлеу рәсімі де Семей қаласында өтетінін айта кетейін», - деп жазды ол.

Ринат Зайыт көпшілікке айтыскер ақын ретінде танылды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.