$ 513.45  596.99  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Синоптиктер 2 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын болжады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын түспейді

Синоптиктер 2 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын болжады
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер сейсенбі, 2 желтоқсанға жасалған ауа райы болжамын жариялады. Елімізде аздаған жауын-шашын түседі, тұман басып, көктайғақ болады, көшпелі бұлт шығады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз аздаған жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Батыс бағыттағы жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде −1…−3°, күндіз 0…+2°.

Ақмола облысында түнде солтүстік пен шығыста аздаған қар жауады, көктайғақ болады, күндіз батыста, солтүстікте және шығыста жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын түседі, көктайғақ болады. Батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Батыс бағыттағы жел 9–14 м/с. Түнде −0…−5°, күндіз −2…+3°.

Алматы облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең оңтүстікте және таулы өңірлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 0…−5°, солтүстікте және таулы аймақтарда −8…−13°, күндіз +6…+11°, тауда −3…+2°.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде −1…−3°, күндіз +7…+9°.

Жетісу облысында жауын-шашын түспейді. Түнде және таңертең шығыста және таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, Алакөл маңында 15–20 м/с-қа күшейеді. Түнде −3…−8°, орталықта және тауда −12°, күндіз +6…+11°, шығыста және тауда +1°.

Түркістан облысында жауын-шашын болмайды. Батыста, оңтүстікте және таулы өңірлерде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде −1…−6°, солтүстікте −9°, күндіз +9…+14°, солтүстікте +6°.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде −3…−5°, күндіз +11…+13°.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын түспейді. Батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде −1…−6°, күндіз 0…+5°.

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең батыста тұман түседі. Шығыстан және солтүстік-шығыстан 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде −4…+1°, шығыста −8°, күндіз +4…+9°.

Маңғыстау облысында батыста, оңтүстікте және орталықта жаңбыр жауады, күндіз батыста жаңбыр күшейеді. Түнде және таңертең солтүстік-шығыс пен орталықта тұман түседі. Шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде +2…+7°, солтүстікте −1°, күндіз +5…+10°.

Ақтөбе облысында жауын-шашын түспейді. Солтүстікте және шығыста тұман түседі. Шығыстан және солтүстік-шығыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде −5…−10°, оңтүстікте −2°, күндіз 0…+5°, солтүстік-шығыста −3°.

Қостанай облысында солтүстікте жаңбыр мен қар аралас аздаған жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде −2…−7°, күндіз −1…+4°.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батыста жаңбыр мен қар аралас аздаған жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде −0…−5°, күндіз −2…+3°.

Павлодар облысында жауын-шашын түспейді. Солтүстікте, батыста және шығыста тұман болады. Батыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы тәулік бойы −3…+2°.

Қарағанды облысында таңертең және күндіз батыс пен солтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын түседі, көктайғақ болады. Солтүстікте және шығыста тұман түседі. Бастапқыда оңтүстік-батыстан, кейін солтүстік-шығыстан 6–11 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 0…−5°, шығыста −8°, күндіз −1…+4°.

Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстікте, шығыста және орталықта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде −2…−7°, күндіз 0…+5°.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең солтүстікте және оңтүстікте тұман түседі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз оңтүстік-шығыста 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде −8…−13°, солтүстік пен шығыста −18…−23°, күндіз +2…+7°, солтүстік пен шығыста −11°.

Абай облысында жауын-шашын түспейді. Түнде және таңертең шығыс пен оңтүстікте тұман түседі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз солтүстік пен орталықта 15–20 м/с-қа күшейеді. Түнде −4…−9°, шығыста −15…−20°, күндіз −3…+2°, шығыс пен орталықта −8°.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Солтүстікте және орталықта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде −4…−9°, күндіз +3…+8°, оңтүстікте +11°.

Жамбыл облысында жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде −3…−8°, солтүстікте және тауда −13°, күндіз +5…+10°, солтүстікте және тауда +1°.

Серіктес жаңалықтары