Зарина Дияс Australian Open чемпионатына жолдама алды

Автор: Асыл Арман

Ол жолдаманың финалында Тайбэй теннисшісін жеңді

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс 2026 жылғы Аустралия ашық чемпионатының негізгі жарысына өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша Аустралия ашық турнирінің іріктеу кезеңі Қытайда өтті. Турнир жеңімпазына Australian Open негізгі жарысына wild card алу мүмкіндігі берілді.

Сайыстың финалында қазақстандық спортшы Тайбэй өкілі Лян Эншюомен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, Заринаның Australian Open турниріндегі ең жоғарғы нәтижесі – 2014, 2015, 2020 және 2021 жылдардағы үшінші раунд.