Синоптиктер болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады – жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанып отыр.
«Тек батыста, сондай-ақ 2-3 желтоқсанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон тарамының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Температуралық көрсеткіште айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», – делінген синоптиктер болжамында.