$ 513.45  596.99  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы әуежайында шетелдіктер ұсталды: олар сәби саудасы бойынша тергеліп жатыр

Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматы әуежайында шетелдіктер ұсталды: олар сәби саудасы бойынша тергеліп жатыр
Фото: istockphoto.com

Алматы әуежайында 11 қараша күні Қытайдан келген екі отбасының суррогат аналардан туған нәрестелермен ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олардың өздерінде бірқатар құжат болған.

«Осы факт бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандарды сату) бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс аясында істің барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған ҚР ҚІЖК-нің 24-бабының талаптары қамтамасыз етілуде», – деп хабарлады агенттік тілшісіне берген Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияда атап өткендей, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары